НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды. Осы ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне Нұр-Сұлтан қалалық сотында растады.
"Мамандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевке қатысты екі айға қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға рұқсат берді", – деді сот мамандары.
Айта кетейік, 2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұстағалғанын растады. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды.
Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті.
Оқи отырыңыз: Денсаулық министрі орынбасарының ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, өткен аптада оның орынбасары жұмыстан өз еркімен кету туралы арызды жазған. Бірақ шешім әлі қабылданған жоқ.