Экономика

Қазақстанда тұрғын үй арзандады – Ибрагимова

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басшысының пікірінше, Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін фактор жоқ 
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендеді. Бұл туралы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова премьер-министрдің баспасөз қызметіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда үйленгеніне 3 жыл толмаған жас отбасылар үшін жаңа бағдарлама іске қосылды

"Элиталық тұрғын үй нарығында баға төмендегені байқалады, өйткені өте қымбат пәтерлерге деген сұраныс төмен. Менің ойымша, қайталама тұрғын үй (екінші дәрежелі тұрғын үйлер – Sputnik) нарығында баға төмендеуі мүмкін, өйткені онда бәрі сату жылдамдығына байланысты, яғни, егер сіз қымбат бағаға сатқыңыз келсе, онда сіз ұзақ уақыт жүріп қаласыз", — деп түсіндірді Ибрагимова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне ықпал ететін ешқандай фактор жоқ.

"Сонымен қатар ұзақ мерзімді перспективада сұраныс жоғары болады, өйткені жастар саны артып жатыр", - деп толықтырды спикер.

Ол карантиннен кейін барлық ипотекаға деген қызығушылықтың артқанын атап өтті.

"Маусым айында біз 5 мыңнан астам қарыз бердік. Бұл наурыз, сәуір және мамырдан бастап кейінге қалдырылған сұраныс. Шілде айында да сұраныс аса жоғары болды. Біз сондай-ақ "Бақытты отбасы", "Әскери баспана" бағдарламаларын іске асырып жатырмыз, "5-10-20" өтінімдерін қарауды толықтай тамыз айынан бастаймыз", - деп түйіндеді банк басшысы.