Фото

Әлемге әйгілі әсем мешіттер – фото

Sputnik

Қазақстан мұсылмандары жыл сайын Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Бұл мұсылмандардың басты мейрамдарының бірі.

Құрбан айт үш күнге созылады, оның алғашқы күні Қазақстанда демалыс жарияланады.

Дәстүр бойынша, мереке мешіттерге жиналған жамағаттың Айт намазын оқудан басталады. Алайда, биылғы жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, мешіттерде Айт намазы оқылмады.

Назарларыңызға ұсынылып отырған таңғажайып әсем ғимараттар өзінің әсемдігімен, әдемі сәулетімен, қайталанбас ерекшелігімен қайран қалдырады.

1 / 12
Сұлтан Омар Әли Сайфуддин мешітінің үлкен алтын күмбезі жасанды шағын мүйістің су бетінен көрінеді. Бірегей ғимарат дәстүрлі шығыс және еуропалық сәулет өнерін біріктірген. 1958 жылы тұрғызылған бұл нысан Брунейге келген туристерді ерекше қызықтырады. Мешіттің қасындағы кеме тек ресми мемлекеттік рәсімдер кезінде ғана пайдаланылады.
2 / 12
Абу-Дабидегі шейх Зайед мешіті – әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Керемет ғимарат өзінің ғажайып сәнімен таң қалдырады. 82 күмбез бен мыңдаған бағандар, алтын жалатылған аспашамдары бар ақ қабырғалы ғимарат күндіз де, түнде де жарық қосылған кезде керемет көрінеді. Мешіт 40 мың адамға дейін қабылдай алады.
3 / 12
Әл-Харам мешіті (ұлы мешіт немесе қорғалған мешіт), оның орталық алаңында Ислам діні үшін қасиетті саналатын Қағба орналасқан. Дәл осы жерге қажылық парызын өтеу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған мұсылман келеді.
4 / 12
Пайғамбар мешіті – Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші маңызды ғимарат. Мұхаммедтің (с.а.с) қабірі жасыл күмбездің астында орналасқан. Ал күмбездің салынған уақыты белгісіз. Ислам тарихы бойынша мешіт тоғыз есе кеңейтілген.
5 / 12
Касабланкадағы Хасан II мешіті өзінің айрықша ерекшелігімен таң қалдырады. Ғимарат Атлант мұхитының жағасына тұрғызылған. Оның бірнеше бөлмедегі еденіне орнатылған әйнектерден теңіз толқындарын көруге болады. Бұл жерде тек патша отбасының мүшелері ғана келуге құқылы болғандықтан, мешіт қарапайым келушілер үшін жабық. Мешіт мұнарасы әлемдегі ең биік мұнаралардың қатарында. Биіктігі – 210 метр.
6 / 12
Ыстамбұлдың басты мешіті – Көк мешіт (Сұлтанахмет мешіті), қаланың негізгі нышандарының бірі болып саналады. Ол 1609-1616 жылдары салынған. Безендіру кезінде ақ және көкпен боялған керамикалық тақтайшалар пайдаланылған. Қаланың биік жерінде орналасқан монументалды ғимарат алыстан менмұндалайды.
7 / 12
"Маяк" мағынасын білдіретін "Фанар" мешіті Дохада (Катар) орналасқан. Ислам мәдени орталығы төрт қабаттан тұрады және мұнаралары шиыршыққа ұқсайды. Ол түнде тиімді жарықтандырудың арқасында шынымен маяк ғимаратына ұқсайды.
8 / 12
Путра мешіті күмбезінің айналасындағы тәж (Путражая, Малайзия) ерекше гүлдің жапырақшаларына ұқсайды. "Путра" мешіті қызғылт граниттен салынған, сондықтан оның қабырғаларында ерекше реңк бар.
9 / 12
Қазандағы Құл-Шариф мешітінің керемет мұнаралары мен ақ қарлы қабырғалары керемет сұлулық бейнесін жасайды. Құл-Шариф мешіті – Татарстанның басты Алла үйі. Ол Иван Грозный әскерлерінен Қазанды қорғаған әскери жетекшінің есімімен аталған.
10 / 12
Куала-Лумпурдағы Вилаят Персекутуан мешітінің көгілдір күмбездері Ыстамбұлдың көк мешітіне ұқсайды. Бұл діни ғимарат қаланың басты назар аударарлық орындарының бірі болып табылады және мұнда ғажайып сұлулықты көруге құштар қажылар мен туристер көптеп келеді.
11 / 12
Джама Масжид – Үндістандағы ең үлкен мешіт. Оның орталық ауласы бір уақытта 20 мың адамды қабылдай алады. Бұл жерде туристер мұнараларға шығып, биіктен керемет көріністі тамашалайды.
12 / 12
Ертегі сарайын еске түсіретін Хазірет Сұлтан мешіті 2012 жылы Қазақстан астанасындағы ерекше нысандар тізіміне қосылды. Алтын түсті өрнектермен көмкерілген ақ түсті мұнаралар мен күмбездер күн нұры мен жылылықты тарта түскендей жарқырайды.