"Искандер" неге теңізге шықты?

"Искандер-М" зымыран кешендерімен құрлықтағы және теңіздегі өз шекарасын тасалау арқылы Ресей ұлттық және халықаралық қауіпсіздігін нығайтып жатыр
Sputnik

Стратегиясы қисынды: осы жабдықтар мен ықтимал қарсылас үшін шығын неғұрлым көп болса, Еуропа мен Азиядағы бейбітшілік соғұрлым берік болады.

"Известия" газетінің ақпарат көзіне сүйенсек, РФ қорғаныс министрлігіне "Искандер-М" жедел-тактикалық зымыран кешендері (ЖТЗК) теңіз десанттары мен қарсыластың кемелеріне соққы жасау үшін қолданылады. Құрлықтағы әскердің зымырандық бригадасы теңіз соғысы тактикасын меңгеруді бастады. Сондықтан, технологиялық тұрғыдан кешен қарсылас десантын анықтау үшін дайын. Оқ ату ұзақтығы мен нысанға дөп тию дәлдігі бойынша "Искандер-М" ЖТЗК сипаттамасы мінсіз және кешеннің әлемде ұқсас баламасы жоқ.

Ресей "Искандер-М" зымыран кешендерін қайта қаруландыруды аяқтады – видео
"Искандерлердің" теңіздегі атыстары РФ Қарулы күштері Оңтүстік әскери округінің зымырандық бірлестігін аяқ астынан тексеру кезінде 20 шілде күні өткен болатын. ЖТЗК десанттық кемелерді жағалауда босату кезінде соғыс техникасының жинағын шартты түрде жойды және "қарсыластың" теңіз десантының қара теңіз жағалауында басып алуына тойтарыс берді.

Әскерді басқарудың автоматтандырылған жүйесімен біріктірген "Искандер-М" жағалау қорғанысы тереңдігінде авиация, флот, барлау, ұшқышсыз ұшу аппараттарынан дәл сол уақыт кезінде тапсырмалар алып, теңіздегі жылжитын нысандар бойынша соққы жасай алады. "Искандер-М" ЖТЗК зымырандары қазіргі және келешектегі ЗҚШ жүйелері үшін ұстатпайтын нысан. Ол 4 минут ішінде 500 км артта қалдыруға қабілетті. 9М728 немесе Р-500 оқтұмсықтары нысаннан көп дегенде 1 метрге ғана ауытқиды.

"Бал" және "Бастион" деп аталатын зымыран кешендері бар әскери бірлестікте "Искандер" эшелонданған қорғанысты нығайтып, ресейлік теңіз шекарасын расымен де қолжетпейтіндей ете алады.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі хабарлағандай, барлық он шақты зымыран бригадалары қайта қаруландырылады және тағы үшеуі құрылады. Ресейлік қорғаныс өнеркәсібі жыл сайын екі бригадалық жиынтық шығарады. Бір уақытта соғыс тиімділігін арттыруға бағытталған "Искандерлердің" модернизациясы жүріп жатыр.

Қорғаныстағы кемелер

Ресей жағалауына дәстүрлі түрде әскери кемелер, теңіз авиациясы мен Балтық, Солтүстік, Тынық мұхиты, Қара теңіз флотының және Каспий филотилиясының жағалау әскері жауап береді. "Бал" мен "Бастион" кемеге қарсы мобильдік зымыран кешендерінің рөлі маңызды. Уақыт өте келе жағалаудағы әскери тәртіп "тығыздалуда". Мысалы, 2019 жылы Балтық флоты өзіндік танк полкіне ие болса, Қара теңіз флоты ӘДӘ үшінші полкімен күшейтілуде. Жағалау қорғанысына "Искандер-М" кешендерімен қаруланған зымыран бригадаларын тарту Ресейдің теңіздегі қорғанысы мен шабуылдарының қуатын арттыра түседі.

Түркия С-400 зымыран жүйесінің кезекті сынағын өткізіп жатыр
Дайындаушының мәліметі бойынша, ресейлік зымырандық бригаданың толық жинағы 51 машинадан тұрады. Оның ішінде 12 іске қосу, 12 көліктік-оқ ату, 11 командалық-штабтық қондырғы мен 14 өмірді қамтамасыз ету машинасы бар. Яғни, екі минут ішінде бригада 24 зымыранмен соққы жасай алады. Күшейтілген бригаданың дүркіні – 32 зымыран. "Искандерлер" неғұрлым көптеп теңізге енсе, ресейлік әскери қызметшілерге жағалауда соғұрлым аз соғысуына алып келеді. 500 км қашықтықтағы "Искандерлердің" бастырмалатқан соққысы қарсыластың мұндай операциясын бас кезінде-ақ тоқтата алады. Сонымен атар, ЖТЗК есептеулері ресейлік теңіз жаяу әскерінің оқ атуына тиімді қолдау көрсете алады.

"Искандер-М" кешендерінің оқу-жаттығулар кезінде пайда болуы НАТО қолбасшылығына аса ұнай қоймады. Себебі, қарсы қояр ештеңе жоқ. Енді міне, альянсқа теңізден сәлем жолдауға болады. "Искандер" жетілдірілген кешендері және қашықтықтығы ұзартылған теңіз нысанын жоюға бейімделген зымырандар батыстағы арандатушылық белсенділігін айтарлықтай бәсеңдетіп, РФ шекарасы аумағында халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Мұнда Ресей ешкімге қоқан-лоқы көрсетіп жатпағанын айта кету керек. Ол тек батыстың дұшпандығына ассиметриялы жауап қатып отырғанын және Балтық пен Қара теңіз аумағында батыс әскери блогының соққа жасау әлеуетінің артуына саналы түрде әрекет етіп жатқанын айту маңызды. Егер альянс Ресей шекарасына жақын маңға өз әскери кемелерін орнатуды доғарса, "Искандерлер" өздерінің айрықша мүмкіндіктерін полигонда көрсететін болады.

Қарсы келуге болмайтын квазибаллистика

"Искандер-М" ЖТЗК 500 км қашықтықта көлемі шағын және алаңдық нысандарды жоғары дәлдікпен жоюға арналған. Нысананы көздеу үшін инерциялы навигациялық жүйе және жаһандық навигациялық спутниктік жүйенің сигналы қолданылады. Соңында ақылды оптикалық бастиек санаулы метрдегі дәлдікті қамтамасыз етеді. Зымырандарды ұшу кезінде қайта бағыттауға болады. Бұл қозғалыстағы нысандарға соққы жасау мүмкіндігін береді.

АҚШ-тың Еуропамен зымыран келісімі: неміс тілшілері нені анықтады?
Кешенде екі түрлі зымыран орнатылуы мүмкін. Біріншісі – 50 км дейінгі биіктікте квазибаллистикалық траекториялар бойынша ұшатын аэробаллистикалық 9М723 болса, екіншісі – шағын биіктікте нысанға қарай ұмтылатын қанатты 9М728 немесе Р-500.

"Искандердің" дәлдігі жоғары зымырандары бейнелейтін беті шағын, ұшу траекториясы күрделі, әуедегі және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің барлығы үшін ұстатпайтын техника. Зымыранның бастапқы салмағы – 3,8 тонна, ұзындығы – 7,2 метр, жылдамдығы – секундына 2 км жоғары, іске қосу аралығы – бір минут.

"Искандер-М" ЖТЗК дәлдігі, зымыранды іске қосуға дайындау жеделдігі және басқа да сипаттамалары бойынша шетелдік баламаларынан озық тұр. Кешеннің басты артықшылықтары: стратегиялық мобильділік, әскери кезекшілікті жасырын атқару және зымырандық соққы жасау мүмкіндігі, ұшу тапсырмасын енгізу және автоматты есептеу, оқ-дәріге және радио электронды шабуылға қарсы әрекет жағдайында соғыс әрекетін орындау ықтималдылығы. Еске салсақ, ресейлік "Искандерлер" Сирия Араб Республикасының аумағындағы соғыс жағдайында сәтті сынақтан өткізілген.