НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 89 078 адамға жетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 1414 науқас тіркелді.
Оның ішінде 787 адамда ауру белгілері байқалады, ал 627-і – симптомсыз пациенттер.
Осылайша республикада барлығы 89 078 адамға коронавирус диагнозы қойылды.
- Алматы қаласында - 11662 (+218),
- Нұр-Сұлтан қаласында -11028 (+232),
- Атырау облысында - 10242 (+67),
- Қарағанды облысында - 8513 (+101),
- Шығыс Қазақстан облысында - 6262 (+187),
- Батыс Қазақстан облысында - 5713 (+74),
- Шымкент қаласында - 4869 (+30),
- Алматы облысында - 4320 (+63),
- Жамбыл облысында - 3492 (+49),
- Павлодар облысында - 3125 (+73),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 3038 (+61),
- Ақтөбе облысында - 3021 (+17),
- Қызылорда облысында -2968 (+55),
- Маңғыстау облысында - 2875 (+39),
- Түркістан облысында - 2750 (+29),
- Қостанай облысында - 2615 (+66),
- Ақмола облысында - 2585 (+53).