Қоғам

Танымал ғылыми орталықтың директоры тергеуге алынды – видео

Бас директорға 5,3 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорына қарсы қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына қарасты Александр Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда әкімді ұстау операциясы видеоға түсірілді

"Оған нақты орындалмаған жұмыс үшін қызметтерді жеткізушіге ақша аудару арқылы 5,3 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр", - деді Баржақсынов онлайн брифингте.