Қоғам

Қостанайда әкімді ұстау операциясы видеоға түсірілді

Күдікті азамат әкімдік балансында тұрған қызметтік көлік жөнделмесе де кәсіпкердің шотына ақша аударған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әкімнің ұсталғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің мамандары Рудный қаласының Қашар кенті әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Ол 1,4 миллион теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Бұл қаржы Қашар кенті әкімі аппаратының балансында тұрған қызметтік көлікті жөндеуге бөлінген болатын. Жөндеу жұмыстары орындалмаса да, жеке кәсіпкердің шотына ақша аудару арқылы бюджет қаржысы қолды болған", – деді Баржақсынов онлайн брифингте.