НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Алтынкөл" стансасының бастығы ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ-на қарасты "Алтынкөл" стансасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Ол өзіне бағынышты жүк бөлімінің аға қабылдау-өткізу маманы арқылы Қытай Халық Республикасынан келген 4 вагонды теміржол стансасынан жеделдетіп жіберу үшін ЖШС-тің экспедиторлық компаниясы директорынан мың доллар сомасында пара алғаны үшін айыпталып отыр", - деді Баржақсынов онлайн брифингте.