НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1544 адам коронавируспен ауырғаны белгілі болды , деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде клиникалық белгілері жоқ 760 тасымалдаушы тіркелді.
Өңірлер бойынша (жалпы статистика/симптомсыз науқастар):
- Нұр-Сұлтан қаласы - 250 / 136,
- Алматы қаласы - 271 / 162,
- Шымкент қаласы - 51 / 35,
- Ақмола облысы - 51 / 28,
- Ақтөбе облысы - 22 / 8,
- Алматы облысы - 73 / 50,
- Атырау облысы - 58 / 42,
- Шығыс Қазақстан облысы - 193 / 75,
- Жамбыл облысы - 52 / 35,
- Батыс Қазақстан облысы - 80 / 41,
- Қарағанды облысы - 129 / 40,
- Қостанай облысы - 65 / 42,
- Қызылорда облысы - 52 / 21,
- Маңғыстау облысы - 49 / 9,
- Павлодар облысы - 50 / 17,
- Солтүстік Қазақстан облысы - 63 / 5,
- Түркістан облысы - 35 / 14.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 86 192. Індеттен 56 638 науқас жазылып шығып, 793 адам қайтыс болды.