Өңірлер

Президент жұрт Ақордаға қандай хат жолдап жатқанын айтып берді

Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шараларын сақтамайтын алматылықтар мен қала билігінің жұмысын сынға алды
Sputnik

АЛМАТЫ, 28 шілде — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы тұрғындары карантин мен шектеу шараларын тиісті деңгейде сақтамайтынын айтты. Президент Алматы - ең ірі қала және ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі екенін атап өтті. 

18 шілде күні өткен селекторлық отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев халық Ақордаға: "Ұлттық парктерді ашыңыздар, демалғымыз келеді" деген хаттарды әлі де жазып жатқанын айтты.

"Карантин шаралары тұрғысынан алғанда, алматылықтар елдегі тәртіпті сақтамайтын өңірлердің көшін бастап тұр. Біз мұны жақсы білеміз. Қандайда идеологиялық жұмыс жүргізілуі керек қой! Барша ел карантинді сақтайды, ал Алматы сақтамайды. Осы нигилизмнен арылу керек", - деді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы мегаполис дәріханаларын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Ол дәрі тапшылығы бар екенін растады (видео 18 шілде күні түсірілген). Бұған қоса, президент дәріхана кезегінде адам көп жиналатынын атап өтті.

"Адамдар видео түсіріп, үкімет жұмысты тиісті деңгейде орындамай отырғанын мәлімдейді. Ал әкімдер тапшылық бар екенін мойындамайды. Жағдай бақылаудан шығып кетті. Бұрынғы кеңесші Ертісбаев: Президент мырза, бәрін қызметінен босатыңыз" деп маған кеңес береді. Мен Алматы туралы ғана айтып отырған жоқпын. Бірақ Алматы - ең ірі қала, ол жердегі жағдай барша елдегі ахуалдың көрінісі", - деді Тоқаев.