Өңірлер

Желіде видео бөліскен алматылықтың басы бәлеге қалды

Полицейлер көлік иесін бірден тапты. Жүргізуші әкімшілік заңнаманың бес бірдей бабы бойынша жауапқа тартылды
Sputnik

ТАЛДЫҚОРҒАН, 27 шілде - Sputnik. Талдықорғанда 18 жастағы жүргізуші ұсталды. Ол жол ережесін бұзып, видеоны әлеуметтік желіде бөліскен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видео желіде өткен аптада пайда болған еді. Автор "Тойота Камри" көлігімен Талдықорған көшесіне шығып, бірнеше рет жол ережесін бұзды. 

Полицейлер көлік иесін бірден тапты. Жол ережесін бұзған жүргізуші Талдықорғанға қонаққа келген 18 жастағы Алматы тұрғыны екені анықталды. 

"Жүргізуші әкімшілік заңнаманың бес бірдей бабы бойынша жауапқа тартылды. Айыппұлдың жалпы сомасы - 80 мың теңге. Бұдан бөлек, жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылды", - деді баспасөз қызметінде.