Қоғам

Медициналық сақтандыру қорында қанша ақша бар – басшылық жауап берді

Наурыз-маусым аралығында қор есебінен медицина мамандарына 32 миллиард теңге қосымша ақы ретінде төленді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығы жиналған ақшаның сомасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қордың басқарма төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, жылдың басында қордың активтері 251 миллиард теңге болып, бірінші жартыжыдықта түскен ақшаның сомасы 260 миллиард теңгені құраған. Оның 147 миллиардын мемлекет аударса, 76 миллиард теңге жұмыс берушілерден түскен.

"Сонымен қатар, бірінші жартыжылдықта өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 37 миллиард теңге аударды. 2020 жылы 1 шілде күні медициналық сақтандыру қоры активтерінің қалдығы 361 миллиард теңгеден асты", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, биыл наурыз-маусым аралығында қордың есебінен медицина мамандарына 32 миллиард теңге қосымша ақы ретінде төленді.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қоры енді әрбір науқасқа 1,7 миллион теңгеге дейін бөледі

Жалпы, коронавиусқа қарсы күрес шараларына 56,7 миллиард теңге бөлінді.