Қоғам

Министр Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршігенін түсіндірді

Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүрген тұрғындардың қатары артқан, дейді Цой
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршіп кеткенін айтты.

Ол вирустың таралуы жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да қауіпті болуы мүмкін деп болжады. Індеттің таралуын бәсеңдету үшін тұрғындардың әлеуметтік арақашықтықты ұстануы маңызды.

Оқи отырыңыз: Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды

Сондай-ақ Алексей Цой вирустың өршу себебі туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, бұған ең алдымен тұрғындардың карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін босаңсып кеткені себеп болды.

Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүргендердің қатары артқан, дейді сала басшысы.