Өңірлер

Қазақстанда тағы бір туристік нысан карантинге жабылды

Коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты шектеу шараларының режимі мен талаптары өзгеруі мүмкін
Sputnik

АЛМАТЫ, 23 шілде – Sputnik. Үржар ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысымен Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлі демалушылар үшін жабылды.

"2020 жылдың 23 шілдесінен бастап Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалушыларды қабылдау тоқтатылды. 2020 жылдың 23 шілдесіне дейін келген демалушылар жолдама мерзімі біткенше демалыс орындарында тұруға рұқсат етіледі",– делінген хабарламада.

Ауданда коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты шектеу шараларының режимі мен талаптары өзгертілуі мүмкін.

Үржар ауданының әкімі мен учаскелік полиция бөліміне Алакөлдің туристік-рекреациялық аймағына кіре берісті жауып, көлге баратын жолдарда жылжымалы посттардың жұмысын қамтамасыз ету жүктелді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау үшін күнделікті патрульдеу қызметін ұйымдастыру тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Астана іргесіндегі Көбейтұз көлі туристер үшін жабылды