Өңірлер

Атырауға гуманитарлық көмек келді

Гуманитарлық жүк маска, респиратор, обаға қарсы костюм, шприц, қан қысымын бақылау құралдары мен дәрі-дәрмектен тұрады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. "Тату көршілік" акциясы аясында 22 шілдеде Атырауға Астраханнан (Ресей) гуманитарлық көмек келді.

"Тату көршілік" акциясын Астрахан коммерциялық емес ұйымдары – "Каспий-Евразия" халықаралық және қоғамдық-саяси зерттеулер орталығы және Каспий маңы елдері мемлекеттік университеттерінің қауымдастығы қолдады, деп хабарлады ММУ ақпараттық-талдау орталығы.

Атырауға гуманитарлық көмек келді

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова университет Астрахан облысынан маскалар, респираторлар, обаға қарсы костюмдер, шприцтер, қан қысымын өлшейтін құралдар, дәрі-дәрмектер, ауыр науқастарға арналған жаялықтар, сондай-ақ антисептикалық сұйықтықтар мен ыстық түсіретін препараттардан тұратын 250 килограмнан астам гуманитарлық көмек алатындығын айтты.

Атырауға гуманитарлық көмек келді

"Біз достарымыздың қолдауын өте жоғары бағалаймыз және "Каспий Евразия" орталығына, Астрахан мемлекеттік техникалық университетіне, Каспий маңы елдері университеттерінің қауымдастығына және Астрахан облысының қазақ, армян, әзербайжан, еврей, ноғай және түрікмен ұлттық қауымына көрсеткен көмегі үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Барлық гуманитарлық көмекті мұқтаждарға таратамыз", - деді ол.

"Тату көршілік" акциясы 9 шілдеде басталып, ай соңына дейін жалғасады. Акцияны Қазақстанмен шекаралас аймақтардағы Ресейдің коммерциялық емес ұйымдары ұйымдастырып отыр.

"Тату көршілік" акциясы аясында Қазақстанға 8,6 миллион теңгеден (20,8 мың доллар) астам сомаға гуманитарлық көмек жіберіледі.