Қоғам

Жаңа туған сәби жерде жатыр: басқарма перзентханада түсірілген суретке түсініктеме берді

Сурет елордадағы №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде түсірілген, денсаулық сақтау басқармасы төсек-орын жеткілікті екенін хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еденде жатқан нәрестенің суретіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала тұрғыны eto_astana_detka паблигінде елордадағы перинаталдық орталықта орын жетіспейтініне шағымданды. Айтуынша, сіңлісі босанғаннан кейін сәбиімен бірге дәліздегі еденде жатуға мәжбүр болған.

Желі қолданушылары перзентханада коронавирусқа дейін де дәл осылай болғанын жарыса жазып жатыр.

Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, сурет №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде түсірілген.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан қанша жүкті әйел қайтыс болғаны белгілі болды 

Басқарма ауруханада төсек-орын жеткілікті екенін хабарлады.

"Босанатын әйелдерге арналған орындар жеткілікті. Осы дерек бойынша басшының орынбасарына сөгіс жарияланды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.