Қоғам

Оттегі баллонын үйде қолдануға бола ма – министрлік жауап берді  

Оттегі баллоны жарылысқа әкелуі мүмкін, сондықтан оны үйде қолдануға болмайды, дейді вице-министр Ажар Ғиният
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният оттегі баллонын үйде қолдануға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оттегі баллонын үйде қолдануға болмайды. Ол жарылысқа әкелуі мүмкін. Сондықтан үйде ұстауға болмайды. Қазір "оттегі концентраторы" деген аппаратар шығып жатыр. Бес литрлік нұсқасы бар. Сол аппаратты үйде қолдануға болады", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр – денсаулық сақтау министрі  

Вице-министрдің айтуынша, ауруханада оттегінің мөлшері науқастың салмағына, жасына және өкпесінің қабынуына қарай есептеледі. Оның бәрін дәрігер анықтайды.