Қоғам

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны азаймай тұр – денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау министрлігі осы кезге дейін де Қазақстанда 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктірілетінін мәлімдеген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан қайтыс болған науқастар бойынша соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңылмасам, 610 адам қайтыс болды. Барлық мәліметтер қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланып тұрады", - деді Цой онлайн брифингте.

Айта кетейік, кеше ұлттық орталықтың сайтында коронавирустан 585 науқас қайтыс болды деген мәлімет болған.

Осылайша, бір күннің ішінде COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандардың саны 25 адамға өсті.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда 72 468 науқас тіркелген. 45 376 адам жазылып шықты.

1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус пен пневмонияның статистикасы біріктіріледі. Себебі, КВИ-ге ұқсас пневмониялар көбейіп кеткен.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан қанша жүкті әйел қайтыс болғаны белгілі болды

Биыл 1 қаңтар мен 15 шілде аралығында пневмонияның 234 187 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың тура осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,3 есеге өсіп отыр. Жыл басынан бері пневмониядан 3 327 адам қайтыс болған.