Қоғам

COVID-19-ға қарсы Ресей вакцинасының Қазақстанға қашан жеткізілетіні айтылды

Клиникалық сынақтан өтіп жатқан вакциналар бойынша Қазақстан Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерімен де келісімге келген
Sputnik

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикада коронавирусқа қарсы вакцинаның қашан пайда болуы мүмкін екенін айтты.

Қазақстан әр елдің түрлі вакцинасын зерттеп жатыр. Барлығы клиникалық сынақтардың әртүрлі кезеңінде тұр. Жақында коронавирусқа қарсы алғашқы ресейлік вакцина дайын екені мәлім болды.

"Ресей вакцинасын білеміз, ресейлік әріптестермен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Вакцинаны жеткізу күні вакцинаның клиникалық сынақтың барлық кезеңінен өткені және жаппай қолдануға жіберілгені ресми түрде расталғанына байланысты белгілі болады. Алдын ала ресейлік әріптестермен Қазақстанға вакцина басым тәртіппен жеткізілетініне келістік", - деді Алексей Цой брифингте.

Қазақстан бұдан бөлек басқа елдермен де келісімге келген. Олардың арасында Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктері бар. Қазір бұл вакциналар клиникалық сынақтан өтіп жатыр.

"Қазір әлемдегі басқа да вакциналар клиникалық зерттеулердің ең жоғары деңгейінде зерттелуде және аяқталуға жақын... біз вакцина ойлап табуы мүмкін барлық елмен байланыстамыз. Нақты күнін, жалпы әлем жұртшылығын міндетті түрде таныстыруға тиіс нәтижелерді күтіп отырмыз", - деп толықтырды Цой.

Оқи отырыңыз: Ресей қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина дайын болғанын хабарлады

Содан кейін Қазақстан бірінші кезекте қай вакцинаны таңдау керек екенін шешеді.