НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Ресейдің қорғаныс министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынақтарын аяқтады, деп хабарлайды РИА Новости.
Әңгіме Н.Бурденко атындағы әскери госпиталь мен Н.Гамалеи атындағы орталықтың бірлескен зерттеулері туралы болып отыр. Бүгінгі таңда ол жерден 20 еріктінің екінші тобы шығарылды.
"Еріктілердің барлығына вакцинация салу нәтижесінде иммундық реакцияның дамуы қолдағы тест қорытындыларында көрсетілген. Еріктілердің денсаулығына қатысты жағымсыз әсерлер мен асқынулар немесе еріктен тыс реакциялар сынды шағымдар болған жоқ",– деп хабарлады әскери ведомство.
Барлық мәліметтер Н.Гамалеи атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығына жіберіледі. Ол жерде өңделгеннен кейін дәріні мемлекеттік тіркеу жоспарлануда.
Бұған дейін Ресей қарулы күштерінің РХБ қорғаныс әскері 48-ші орталық ғылыми-зерттеу институтындағы медициналық қызмет бастығы, полковник Сергей Борисевич вакцинаны енгізгеннен кейін пайда болатын антиденелердің жоғары деңгейі денеде ұзақ уақыт сақталатынын мәлімдеген еді.
"Осы кезге дейін жүзеге асырылған Эбола безгегі мен таяушығыстық тыныс алу синдромына қарсы екі вакцинаға қарағанда, бұл платформаның мүмкіндіктері иммунизациядан кейін пайда болған қорғаныс қабілетін ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді",– деп түсіндірді ол.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Айта кетейк, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирус инфекциясын жаңа пандемия деп жариялады. Әлемде бұл инфекцияның 14 миллионнан астам адамның жұқтырғаны анықталып, 597 мыңнан астам науқас қайтыс болды.