Өңірлер

Полиция Қызылордада болған жағдайға байланысты ақпарат жариялады

Жасөспірімдердің әкесіне қатысты қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Қызылордада ағалы-інілінің жанжалы полициямен төбелеске ұласты.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне көп қабатты үй ауласындағы төбелес туралы ақпарат 18 шілде күні таңертең хабарланды, деп жазады Polisia.kz

Оқиға орнына жеткен патрульдік экипаж кәмелетке толмағандар төбелесіп жатқанын көрген.

"Полиция қызметкерлері жанжалды тоқтата бастады. Алайда сол кезде ересектер келіп, оқиғаның байыбына бармай, полицейлерге жұдырық ала жүгірді", - деп жазылған ақпаратта.

Төбелескен жасөспірімдер ағалы-інілі екені анықталды. Оқиғаға қатысты әкімшілік кодекстің 434-бабы 2-бөлігіне ("ұсақ бұзақылық") сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды.

Жасөспірімдердің әкесіне қатысты қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігі ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланып отыр.