НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Дүйсенбі, 20 шілде күні елдің басым бөлігінде жауын жауып, жел күшейеді, күн күркірейді.
Оңтүстік пмен батыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады.
Кейбір өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада 20 шілде күні жауын-шашын болмайды. Күндіз плюс 31-33 градус, түнде 15-17 градус жылы.
Алматыда күндіз 33-35 градус ыстық, түнде плюс 23-25.
Шымкентте күндіз плюс 36-38 градус, түнде сынап бағанасы 22-24 нөлден жоғары болады.
Дабылды ескерту
Жамбыл облысында 20-22 шілде күндері күн күркірейді, дауыл болады, солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 15-20 метр.
Солтүстік Қазақстан облысында 20 шілде күні күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қарағанды облысында 20-21 шілде күндері күн күркірейді, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.
20-21 шілде күндері оңтүстікте 38 градусқа дейін аптап ыстық болады.
Қарағандыда 20 шілде күні солтүстік-шығыс, шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.
Жезқазғанда күндіз 20-21 шілде күндері 36-38 градус ыстық болады.
Қостанай облысында күн күркіреп, бұршақ жауады. Аптап ыстық 35-38 градус.
Қызылорда облысында 40-42 градус ыстық, өрт қаупі жоғары.
20 шілде күні Түркістан облысында шаңды дауыл болады, күн күркірейді.