НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Елордадағы қатаң шектеу карантиндік шаралары ұзартылады. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында айтылған.
"2020 жылдың 19 шілдесіндегі сағат 00.00-ден бастап 2020 жылдың 2 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу карантиндік шаралары ұзартылсын", - деп жазылған қаулыда.
Әкімдікке, тиісті басқармалар, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарға, кәсіпкерлік
субъектілеріне келесі шараларды қамтамасыз ету тапсырылды:
- барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80% - ын қашықтықтан жұмыс атқару түріне ауыстыруды;
- сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда, дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;
- ХҚКО жұмысын ұйымдастыру, алдын ала кезекті Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 арқылы
брондаумен жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілеумен, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері тыйым салынсын; - жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін 13.00-ге дейін белгілей отырып, тек көтерме азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын ұйымдастыруды;
- жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін белгілей отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін деп жазылған қаулыда.