Өңірлер

Ақтау тұрғындары алаңға шықты - видео

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев түсініктеме берді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Ақтау тұрғындары дәрі-дәрмектің жоқтығына байланысты наразылық білдіруге шықты.

"Ынтымақ" алаңында жиырмаға жуық адам жиылды, деп хабарлайды Lada.kz.

"Дәріханада еш нәрсе жоқ. Натрий хлориді (физраствор) мүлдем таба алмайсың", - дейді алаңға келген Әлішер есімді тұрғын.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта препарат тапшылығы жоқ. Дәріханаларда да бұған дейін болғандай дүрлігу байқалмайды. Жиналғандармен дәріханаға бардық, айтылған үш дәрінің екеуі бар болып шықты. Сондықтан дүрбелең тудыруға болмайды", - деді Күмісқалиев.