Саясат

Ресей коронавируспен күресте ЕАЭО елдеріне көмек көрсетуді жалғастырады – Мишустин

Коронавирус инфекциясы Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде біртіндеп төмендеп келеді, бірақ пандемияға қарсы күрес жалғасуда және күшті біріктіруді қажет етеді, деп атап өтті Ресей премьер-министрі   
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Ресей коронавирус пандемиясымен күресу тәжірибесін Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бөлісуге дайын.

Ресей коронавирусты анықтауға арналған тест жүйелері мен реагенттерді беруді жалғастырып жатыр, деп мәлімдеді Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин.   

Оқи отырыңыз: Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы Ереванда өтеді 

"Біз серіктестерімізге белсенді түрде көмектесіп жатырмыз және "бестік" аясында өзара іс-қимыл тетіктерін жоспарладық. Әңгіме медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы болып отыр. Сонымен қатар коронавирусты анықтауға арналған тест жүйелерін, реагенттер мен қызу өлшеуіш құрылғыларды беруді жалғастырып жатырмыз", - деді Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында.

Шағын құрамдағы кездесу төрт сағатқа созылды. Кездесу көзбе-көз форматында өтіп жатыр.

"Бұл, әрине, біздің елдеріміз бетпе-бет келген коронавирус инфекциясының біртіндеп азайып келе жатқандығының дәлелі, бірақ оған қарсы күрес жалғасуда және, әрине, біздің күшімізді біріктіруді талап етеді", - деп атап өтті Мишустин.

17 шілде, жұмада Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, оған Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин қатысуда.

Еуразиялық экономикалық одаққа Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей кіреді. Молдова ЕАЭО жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.