НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Ресейлік актер әрі сықақшы "Сборная Камызякского края" КВН командасының капитаны Азамат Мұсағалиев қазақ тілінде кезекті әнін шырқады.
Өз орындауынағы әнді ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Бұл әрине, Дос-Мұқасан емес. Ерке Есмахан да емес. Бұл мен – Азамат", – деп жазған Мұсағалиев өзін қазақстандық орындаушылармен салыстырып әзілдеген.
Айта кетейік, Ресейдің Астрахан облысында туған Мұсағалиев этникалық қазақ. Ал Азаматтың ана тілінде ән орындау шеберлігін желі қолданушылары жоғары бағалаған.
"Ана тіліңде көбірек ән айт, дауысың әдемі", "Жүректі ауырттың" деп жазды желі қолданушылары.
Ал енді бірі: "Өте жақсы, жүректен шыққан. Рахмет, Азамат" десе, тағы бірі: "Мен сіз қазақша білмейді екен деп ойладым. Әнің жақсы шықты" деп таңданысын жасырмады.
Оқи отырыңыз: Азамат Мұсағалиев: Әзілді түсіргенде қазақ тілін кемсіту немесе мазақ ету ойда болған жоқ
Бұл Азамат Мұсағалиевтің әнді қазақ тілінде алғаш орындауы емес. Ол 2019 жылдың қарашасында қазақстандық КТК ойыншысы Данияр Жұмәділовпен бірге қазақ тілінде лирикалық композиция орындаған видеосын Instagram парақшасында жариялады.