НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустан қайтыс болғандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанда 66 895 науқас тіркелді. Олардың 26 175-і ем алып жатыр. Осы уақытқа дейін 40 256 науқас жазылып шықты. Ал 464 науқас коронавирустан қайтыс болды", - деді Цой онлайн брифингте.
Оқи отырыңыз: Ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс – Тоқаев
Министрдің айтуынша, бүгінде күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 700-1 800 адам анықталып отырады.