Өңірлер

Шымкентте науқастар үшін ашылған стационар неге жабылып қалғаны белгілі болды

Емханалардың жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орын ашылып, спорт кешеніне медициналық көмек үшін баратындар азайған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Шымкентте пациенттер санының азаюына байланысты жеңіл атлетика манежіндегі күндізгі стационар жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Спорт кешенінде ашылған стационарда алғашқы күндері 500-ден 700-ге дейін адам емделетін, соңғы бес күнде науқастар саны 25-ке дейін төмендеген.

"Күн сайын стационарға әр емханадан екі-үш пациент келеді. Емханалардың жанындағы күндізгі стационарларда қосымша төсек-орынның ашылуына байланысты спорт кешеніне медициналық көмек үшін жүгінетіндер азайды. Сол себепті әкімдік манеждегі күндізгі стационарды консервация мен дезинфекциялық өңдеуге жабу туралы шешім қабылдады", - деп мәлімдеді әкімшіліктен.

Тағы оқыңыз: Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді

Стационарда өткір респираторлық вирустық инфекция мен пневмонияға шалдыққандар үшін 360 төсек-орын ұйымдастырылған еді. Қаладағы барлық емхананың қырық-елу шақты дәрігері таңғы сегізден кешкі сегізге дейін көмек көрсететін.

Бұған дейін Шымкентте көз жұмған медицина қызметкерлерінің отбасына он миллион теңгенің орнына тек бір миллион төленгені белгілі болды. Әкімдік мұны дәрігерлердің коронавирустан емес, пневмониядан қайтыс болғанымен түсіндірді.