АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Алматы қаласының Наурызбай ауданында супермаркет орналасқан ғимарат өртеніп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары өртті сөндіруге жұмылдырылды.
"Әшімов көшесі, 13 "А" мекенжайында орналасқан көп функционалды әкімшілік ғимаратының шатыры өртеніп жатыр. Қазіргі уақытта жалынның жеке тұрғын үйлерге шарпу қаупі сейілді", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Әрқайсысы 50 литр болатын 3 газ баллоны эвакуацияланды.
"Өрт деңгейі №2 деп жарияланды, жақын орналасқан қонақүй мен қоймаға жалынның таралу қаупі бар", - дейді өрт сөндірушілер.