Қоғам

Алматыда жағдайы ауыр науқастардың саны 30 процентке азайды

Қазіргі кезде қала бойынша инфекциялық стационарлардың жүктемесі 60%-ке тең. Жалпы коронавирусты емдеуге 26 медицина ұйымы жұмылдырылған
Sputnik

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Алматыда жағдайы ауыр науқастардың саны 30 процетке азайды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазір жұмыстың оң нәтижесін көріп отырмыз. Өткен аптада жағдайы ауыр науқастардың саны 511-ден 309-ға дейін төмендеді",- деді Камалжан Надыров.

Сонымен қатар Надыров бұл мобильді топтың қажырлы еңбегінің арқасында жасалғанын айтып өтті.

"Бұған дейін жедел жәрдемге қоңырау соққан әрбір екінші адам ОРВИ мен пневмонияға байланысты хабарласатын. Ал қазір жағдай өзгеріп, бұл көрсеткіш 25%-ке азайды",– деді Надыров.

Айта кетейік, Алматыда 8 259 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 4 945 адам жазылып шықты, 54 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Коронавирус белгілері байқалмайтын науқастар не істеуі қажет – Надыров жауап берді

Қала бойынша инфекциялық стационарлардың жүктемесі – 60%. Коронавирусты емдеуге 26 медицина ұйымы жұмылдырылған. Қалада науқастарға арналған 5 092 төсек-орын бар.