Елорда тынысы

Сәуле Қисықова қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін Әлия Рүстемова атқаратын болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті.

"Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін бұған дейін орынбасар болған Әлия Рүстемова атқарады", - деді Sputnik Қазақстанға ведомствода.

Сәуле Қисықова басқа қызметке ауысқаны айтылды, алайда қандай қызмет екені нақтыланбады.

Әлия Рүстемова туралы не білеміз

Әлия Рүстемова 1992 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицналық университеті) , 2000 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу институтын, 2013 жылы Қырғызстандағы медицина университетін тәмамдады. Медицина ғылымдарының докторы.

Жалпы еңбек өтілі - 27 жыл. Басшылық қызметтегі еңбек өтілі - 13 жыл.