Қоғам

Министр "белгісіз пневмония" жайлы ақпарат таратқан Қытай елшісімен сөйлесті

Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "белгісіз пневмония" туралы мәлімдемеден кейін Қытай елшісімен сөйлесті. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қытай елшілігі таратқан ақпарат шыға сала, елші мен жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министрі (Алексей Цой – Sputnik) арасында телефон сұқбатын ұйымдастырдық. Соның нәтижесінде, Қытай тарапына барлық мәселе бойынша тиісті түсініктеме берілді",– деді Ашықбаев онлайн брифингте.

Айтуынша, телефон әңгімесінен кейін Қытай елшілігі өз мәлімдемесін түзеткен.

Жуырда Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.