НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Кірісінен айырылған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау 20 шілдеден басталады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр әлеуметтік төлемге өтініш беруге арналған порталдар жұма күні іске қосылатынын айтты.
"Біздің жоспарымыз: жұма күні бүкіл портал өтініш беруге ашық болады. Ал дүйсенбіден, яғни 20 шілдеден төлемдерді тағайындауға кіріссек пе дейміз", – деді Нұрымбетов онлайн брифингте.
Ол ең төменгі жалақы мөлшеріндегі төлем тек бір айға, шілдеге берілетінін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Мамин 42 500 теңге кімдерге төленетінін айтты