Қоғам

Тоқаев карантин режимі қашанға дейін жалғасатынын айтты

Қазақстанда карантин шілде айының соңына дейін ұзартылатыны хабарланып отыр. Ол тағы екі аптаға жалғасатын болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде - Sputnik. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады.

"Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

Президент қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалатынын айтты.

"Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 5 шілдеде екі апталық карантин енгізілген болатын. Оның ұзартылуы мүмкін екені хабарланған еді.

Бұған дейін президент полиция мен санитарлық дәрігерлер карантин шараларының қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек екенін айтты.