Қоғам

Президенттік клиниканың дәрігері неден қайтыс болғаны айтылды

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер 20 жыл бойы медицина саласында қызмет еткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Президент іс басқармасы медициналық орталығының дәрігері Павел Шолох коронавирустан қайтыс болды.

Президенттік клиниканың дәрігері неден қайтыс болғаны айтылды

"Президенттік клиника Павел Шолоховтың туыстары мен достарына қайғырып көңіл айтады. Павел Иванович - медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санаттағы уролог-дәрігер, Клиниканың ерлер денсаулығы орталығының жетекшісі, 20 жыл бойы медицина саласында қызмет етті", - деп жазылған клиниканың Facebook-тегі парақшасында

Әріптестері мен пациенттері Павел Шолоховты кәсіби біліктілігі мен адамгершілігі үшін құрметтегені жазылған. Павел Шолох 54 жасқа қараған шағында көз жұмғаны айтылып отыр.

Тағы оқыңыз: Ибупрофен, парацетамол және цефтриаксон: елордаға қандай дәрі-дәрмек жеткізілді

Бұған дейін, 11 шілдеде белгілі уролог-хирург Әділжан Хамзиннің көз жұмғаны туралы хабарланған еді.

Дәл сол күні Ақтөбедегі жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қалихан Қозбағаров қайтыс болды.