Өңірлер

Бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосты - үш қазақстандық бапкер қайтыс болды

Маңғыстау облысының бокс федерациясы коронавирустан үш еңбек сіңірген бапкер көз жұмғанын хабарлады
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында еңбек сіңірген бокс бапкерлері Берік Ермағанбетов, Жеңіс Жарылғапов және Ақылбек Теміров коронавирустан қайтыс болды. Бокс федерациясы олардың жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды lada.kz порталы.

"Маңғыстаудың бокс федерациясы орны толмас қайғыға душар болғанын хабарлаймыз. Дарынды, сауатты бапкерлер - жоғары ұлттық санаттағы төреші, бокстан КСРО спорт шеберіне үміткер Берік Ермағанбетов, Қазақстанның бокстан еңбек сіңіргнен бапкері, Жаңаөзен құрамасының аға жаттықтырушысы  Жеңіс Жарылғапов және Жаңаөзеннің бокстан аға жаттықтырушысы Ақылбек Теміровтен айырылдық", - деп жазылған хабарламада.

Берік Ермағанбетов, Жеңіс Жарылғапов пен Ақылбек Теміров өңірде бокс саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан.

Жоғары ұлттық санаттағы төреші Берік Ермағанбетов көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы болды. Жеңіс Жарылғапов Қазақстан чемпиондары мен жүлдегерлерін тәрбиеледі. Ақылбек Теміров 30 жыл бойы бапкер болған. Ол кісінің шәкірттері - ҚазақстанҚазақстанда чемпионы атағына ие болды.

Тағы оқыңыз: COVID-19: вирус жұқтырған Алматы облысының әкімі желіде жазба жариялады