Өңірлер

Локдаун режимі: демалыс күндері тағы қандай облыста карантин күшейтіледі?

Демалыс күндері себепсіз көшеге шығатындарға айыппұл салынады. Әкімдік осындай шараға баруға мәжбүр болғанын мәлімдеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Алматы облысында демалыс күндері қатаң карантин енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Тиісті қаулыға Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары Асхат Шарәпиев қол қойды.

Қаулыға сәйкес, 11 және 12 шілдеде облыста қоғамдық көліктің, сондай-ақ барлық нысанның қызметі тоқтатылады.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook парақшасында облыстағы барлық базардың жабылатынын хабарлады.

"Облыста екі күнге қатаң карантин режимі енгізіледі. Үйдің жанындағы азық-түлік сататын  дүкендер жұмыс істейді. Сонымен қатар қоғамдық көліктің жұмысы да тоқтайды", - деді Жүкел.

Айтуынша, демалыс күндері себепсіз көшеге шығатындарға айыппұл салынады.

"Біз осындай шараға баруға мәжбүрміз. Әлі де ешқандай себепсіз көшеге шығып қыдырып жүрген адам көп", - деді Жүкел. 

Айта кетейік, 10 шілдеде Алматы облысының бас санитар дәрігер Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан қайтыс болды. Кейінірек облыс әкімдігі облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің мезгілсіз қазасы жайлы хабарлады.