Экономика

Тоқаев ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келе жатқанын айтты

Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді, пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады, деп атап өтті президент
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 1,8 процентке төмендеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелер қаралып жатыр.

"Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 пайыз)", - деді Тоқаев отырыста.

Ол халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылданғанын атап өтті. Президенттің тапсырмасымен Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды.

Оқи отырыңыз: "Ол кезде мені қолдамады" - Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты 

Мемлекет басшысы отырыста үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шаралары талқыланатынын жеткізді.

Тоқаев жиынның жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуді ұсынды:

  • Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде премьер-министр Асқар  Мамин баяндама жасайды;
  • Ақша-кредит саясатына қатысты шаралар туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев баяндайды;
  • Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндайды;
  • Содан кейін бірқатар облыс басшысы сөз сөйлейді.