НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сағат 11:00-де видео байланыс арқылы үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.
Жиында үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, мемлекет басшысының үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деп жазды ол.
Президенттің баспасөз қызметі @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.
Оқи отырыңыз: Президент денсаулық сақтау саласында тергеу жүргізілетінін мәлімдеді
Қазақстандық саясаттанушылар Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Тоқаев үкіметтің бірлескен отырысында кадрлық тағайындаулар жасайды деп болжаған еді.