Пандемия ЕАЭО-ның дамуына кедергі келтіруі мүмкін – саясаттанушы

Қазақстандық саясаттанушы Эдуард Полетаев ЕАЭО ауқымды жұмыс атқарғанын айтты. Алайда пандемия кезінде Қазақстандағы дәрі-дәрмек тапшылығын шешуге ұйым қандай үлес қосты деген сауал туындауы мүмкін екенін айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус кезінде дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі туындады. Әзірге бұл мәселе екіжақты келісім аясында шешіліп жатыр. Сондықтан "Мир Евразии" қоғамдық үйінің президенті Эдуард Полетаев одаққа мүше елдердегі бұл проблеманы шешу үшін ЕАЭО не істеді деген сауал туындайтынын айтты. 

"Қазақстан және карантиндік шараларды жеңілдеткен соң Қырғызстан да дәрігерлер мен дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесіне тап болды. Сондықтан бұл жағдайда ЕАЭО не істеді деген сауал туындайтыны анық", - деді Полетаев сәрсенбі күні өткен Мәскеу – Минск – Бішкек – Ереван – Нұр-Сұлтан бейнебайланысында. 

Ол Еуразиялық экономикалық одақ аясында дәрі-дәрмектің бірыңғай нарығы қалыптасқанын еске салды. 

"Бұл нарық дәрілерді бірыңғай ереже бойынша тіркеу үшін құрылғаны түсінікті. ЕАЭО-ның дәрі тапшылығы мәселесін бірден шешетін құралдары жоқ. Әзірге бұл мәселе екіжақты және шекаралық әріптестік аясында шешіліп жатыр", - деді саясаттанушы.

Оның айтуынша, алдағы уақытта ЕАЭО аясында бірыңғай нарық қалыптастыру мәселесіне қалай шешілетіні белгісіз.