Өңірлер

Облыс әкімі орынбасарының заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды

Шенеунікпен бірге әкімдіктің бірнеше лауазымды тұлғасы да тергеуге алынды. Олар қызмет бабын асыра пайдаланып, дүкен құрылысы үшін жер учаскесінің мақсатын заңсыз өзгерткен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қостанай әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Қайсар Баржақсыновтың айтуынша, шенеунікпен бірге әкімдіктің бірнеше лауазымды тұлғасы да тергеуге алынды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Қостанай әкімінің орынбасары мен әкімдіктің басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар қызмет бабын асыра пайдаланып, дүкен құрылысы үшін жер учаскесінің мақсатын заңсыз өзгерткен", - деді Баржақсынов.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Текелі қаласы әкімінің аппарат жетекшісі құрықталғанын хабарлаған болатын. Ұстау операциясы кезінде аппарат жетекшісі оқиға орнынан қашып кеткен. Өзенге секіріп, арғы жағына жүзіп өтпек болған. Сол кезде судың ағысы оны алып кете жаздады. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады.