Әлем

Жаңа танкерге Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі

Жаңа танкердің құрылысы басталды. Мұндай сыйлық Қазақстанның тұңғыш президентінің 80 жылдығына орай жасалды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Ресейлік "Звезда" кеме жасау зауытында жаңа танкердің құрылысы басталды. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріледі.

"Роснефть" компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, "Звезда" кеме жасау зауыты "Афрамакс" үлгісінде жаңа танкердің құрылысын бастап кетті. Дәл осы танкерге Нұрсұлтан Назарбаевтың аты жазылады.   

"Звезда" кеме жасау кешенінде "Афрамакс" үлгісіндегі танкердің құрылысы басталды. Кемеге Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі беріліп отыр", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде кәсіпорында бес танкердің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осы сериядағы алғашқы кеме 2020 жылы мамыр айында суға түсірілген болатын. Қазіргі кезде танкер сынақтан өтіп жатыр. 

"Афрамакс" үлгісіндегі танкердің дедвейті – 114 мың тонна. Кеменің ұзындығы  – 250 метр, ені – 44 метр. Онымен мұнай тасиды. Осы санаттағы кемелер Ресейде алғаш рет құрастырылып отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото