Қоғам

Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото

Қазақстан басшысы әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен, тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек екенін атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6  шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыны 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.   

Сайтта жарияланған фотодан мемлекет басшысының мерейтой иесіне бір шоқ раушан гүлін тапсырғанын көруге болады. Қазақстанның тұңғыш президенті де, президент де қазіргі карантин талаптарын сақтап, бетперде киіп алған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев туған күнінде қазақстандықтарға үндеу жасады – видео  

"Бүгін тарихи күн – Елбасымыздың 80 жылдығы. Ол – қазақ халқының ұлы қайраткері, ұлы перзенті. Бүкіл әлем солай деп санайды. Елбасы шын мәнісінде ұлы адам, біз бұл туралы айтуымыз керек. Әрбір халық өзінің көрнекті тұлғаларымен танымал және әрбір халық өзінің тарихи қайраткерлерімен мақтануы керек", - деді Тоқаев.

Тоқаев Назарбаевты қалай құттықтады – фото

Қазақстан президенті Елбасының халықаралық дәрежедегі беделін де ерекше атап өтті.

"Нұрсұлтан Назарбаев заманауи мемлекет құрды, әлем картасында Қазақстанның шекарасын шегендеді. Бұл туралы біздің Елбасымызға қоңырау шалып, құттықтап жатқан әлемнің барлық көрнекті саясаткері айтып жатыр. 80 жас – әр адамның өміріндегі маңызды меже. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ ғұмыр тілеймін. Елбасының алдағы уақытта да біздің халқымызға, мемлекетімізге үлкен пайда әкелетініне сенімдімін", - деп атап өтті Тоқаев.

Президентпен бірге Елбасыны ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Ахметжан Есімов те құттықтап барды.