Қоғам

Шымкентте тегін таратылуы тиіс дәрілерді ұрлаған сатушы ұсталды

Шымкенттік тұрғынның пациенттер арасында тегін таратуға арналған дәрі-дәрмек ұрлап, сатқаны белгілі болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Шымкентте экономикалық тергеу қызметі дәрі ұрлау фактісін әшкерелеп, заңсыз дәрі сатуды тоқтатты, деп хабарлайды қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Дәрі-дәрмекті ешбір рұқсат қағазсыз сатып келген күдіктіден тәркіленген препараттардың арасында пациенттерге тегін берілуі тиіс дәрілер де бар болып шықты.

"Шымкенттік тұрғынның дәрі-дәрмектерді рұқсатсыз сатумен айналысқаны анықталды. Оның қолындағы дәрі-дәрмектің бір бөлігі медициналық мекемелер халыққа тегін таратып беруі тиіс партиядан ұрланғандығы белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұрланған дәрі-дәрмек көлемі мен мөлшері анықталуда.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз