Қоғам

COVID-19: дәрігер желіде тараған кеңес несімен қауіпті екенін айтты

Дәрігерлер коронавирусты емдеу кезінде тыныс алу гимнастикасын жасамау керек екенін айтады. Қазіргі уақытта желіде осы тәсілге қатысты түрлі кеңес тарап жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Коронавирустың ауыр жағдайында тыныс алу гимнастикасы қауіпті. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, "Астана медициналық университетінің" кафедра меңгерушісі Нұрила Малтабарова айтты.

Доценттің айтуынша, тыныс алу гимнастикасы өкпені сауықтырудың жақсы тәсілі. Алайда оны дәрігер тағайындау керек.

"Тыныс алу гимнастикасын аурудың ауыр жағдайында жасауға болмайды. Гимнастиканы науқастардың постстационарлық кезеңіне қосуға болады", - деді дәрігер.

Сондай-ақ, мамандар коонавирустың алдын алу үшін спортпен шұғылдану қаншалықты тиімді екенін айтты. 

Дәрігерлер иммунитетті нығайту үшін спортпен бірқалыпты айналысу керек екенін алға тартты. Алайда адамдар арасындағы қашықтықты пен санитарлық нормаларды сақтаудың әлдеқайда маңызды екені айтылып отыр. Бұған қоса, дұрыс ұйықтап, тамақтануға назар аударған жөн.