НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Павлодар әуежайында FlyArystan ұшағына жай түсті, деп хабарлайды өңірлік pavlodarnews.kz басылымы.
Ұшақ Павлодардан Алматыға ұшқалы тұрған.
"Инженерлер әуе кемесіне жай түскенін растады. Ұшақ Павлодарда қалады, борт техникалық тексерістен өтеді. Оқиға орнына инженерлер жіберілді", - деп мәлімдеді FlyArystan лоукостерінің PR-менеджері Ләзат Нәбиева.
Ол техникалық регламент бойынша инженерлік-техникалық тексеріс өткізу қажет екенін нақтылады.
Тағы оқыңыз: Ақорда үстіндегі таңғажайып құбылыс видеоға түсіп қалды
Төртінші шілде күні сағат 18.55-те 133 жолаушы Павлодардан Алматыға уақытында ұшып шыға алмады. Оларға астанадан басқа борт жөнелтілді, осылайша рейс төрт сағатқа кешікті. Рейсті күткен жолаушыларға тамақ пен сусын берілді.
"Қазгидромет" синоптиктері Павлодарда найзағай жарқылдап, нөсер жауын жауып, дауыл соғатынын ескерткен болатын.