Қоғам

Қазақстанда әкім орынбасары қайтыс болды

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева үшінші шілдеде елу бес жасқа қараған шағында қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ақтау әкімінің орынбасары Гүлжазира Алдашева өмірден өтті. Ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі растады.

Алдашева 3 шілдеде елу бес жасқа қараған шағында қайтыс болды, қаралы хабар сенбі күні тарады.

Қазақстанда әкім орынбасары қайтыс болды

Әйелдің әріптестері оның ауырғанын айтады. Өліміне коронавирус себеп болып-болмағаны нақтыланбаған.

Тағы оқыңыз: Динара Сәтжан желіде суыт хабар жеткізді

Әкімдік ресми ақпарат дайындап жатыр.

Гүлжазира Алдашева 1965 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген. Жаңаөзенде өскен. Былтыр тамыз айында Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.