Қоғам

Вице-министр қанша қазақстандық өте ауыр жағдайда жатқанын айтты

Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14 777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда коронавирус жұқтырған 39 пациенттің хәлі мүшкіл, ал 217 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

3 маусымдағы жағдай бойынша республикада коронавирус жұқтырған 8 500 пациент емделіп жатыр.

Гинияттың айтуынша, науқастардың 266-сы – балалар. Реанимация мен қарқынды терапия бөлімшелерінде 256 науқас бар, олардың ішінде 217 пациенттің жағдайы ауыр, ал 39 пациенттің хәлі мүшкіл.

"78 пациент өз бетінше тыныс алуда, өкпенің инвазивті емес желдетуінде 126 науқас, ал жасанды тыныс алдырту аппаратымен 52 пациент жатыр", - деді вице-министр онлайн брифингте.

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14 777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Коронавирусты емдеу тәртібі өзгерді – ауруханалар қалай босатылады