Өңірлер

Балаларды қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адам ұсталды - видео

Полицейлер балаларды тапты. Олардың ата-анасы ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Түркістан облысында балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Түркістан облыстық департаменттің қызметкерлері бір видеоға назар аударған. Онда ер адам екі баланы видеоға түсіріп тұрып, қарбыз қабығын жеуге мәжбүрлеген. Бұның бәрін түсіргенде былапыт сөз айтқан. Видеоның авторы бір тәуліктің ішінде ұсталды", - дейді полицейлер.

Балаларға қарбыздың қабығын жегізген ер адам Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Ал қоғамдық резонанс туғызған видео 2019 жылы тамыз айында түсірілген.

"Ер адам өз кінәсін толығымен мойындады. Полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары ішкі істер органдарына арыз жазып, жәбірлеушіні жауапқа тартуға мүдделі", - деп атап көрсетті тәртіп сақшылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)