НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жаппай дәрі-дәрмек сатып алып жатқан қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Кеше ғана 70 мыңға жуық дәрі дәрмекті жарты сағаттың ішінде сатып алып кетті. Осындай жағдайлар кездеседі. Сондықтан құқық қорғау органдарына арнайы тапсырма берілді. Өмір болған соң, әртүрлі жағдай болады. Қиын жағдайды сауда-саттыққа айналдыратындар да жоқ емес. Сол себепті мұндай жағдайларға куә болсаңыз, тез арада хабар беруді өтінеміз", - деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында.
Вице-премьер интернеттен түрлі емдеу жолдарын оқып, дәрі сатып алып жатқан азаматтар көбейгенін атап өтті.
Тоғжанов нақты диагноз қойылмай, бет алды ем қабылдамауға шақырды. Тиісті ем жолын тек дәрігер ғана анықтайды.
Тағы оқыңыз: Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді
Ал үкімет науқастарды дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар, деп сендірді вице-премьер.